Quantcast
Channel: Cұрақ-Жауап сайты - Өмір, Тіршілік сұрақтар мен жауаптар
Viewing all 2026 articles
Browse latest View live

Жауап берді: Қыз ұзаатуға әпкеме тілек керек еді?

$
0
0

Барған жеріңе тастай батып, судай сің!

«Жол мұраты — жету, қыз мұраты – кету» дейді. Оны ұғынсақ та, бауыр етінен жұлып алғандай етіп қызын өзге жұртқа аттандыру кімге болса да оңай емес екен. Дегенмен, теңін тауып, ата-анасының, туған-туыстарының ризашылығымен кетіп бара жатқаны көңілге қуаныш ұялатады. Қолымыздан ұшып бара жатқан қызымыздың қонған жері құтты болсын! Барған еліне тастай батып, судай сіңсін! Құдай қосқан жарына бақ болып қонсын, қосағымен қоса ағарсын! Құда-жекжаттарымызға айтарым, бір-бірімізге деген жылы ықыласымыз суымай,сыйластығымыз жоғалмай екі жастың қызығына кенелейік. Той сіздерге де құтты болсын! Екі жас бақытты, өмірлері ұзақ болсын!

------------------------------------------------------

Баяғыда Төле би бабамыз жаудан қалған бір жасар баланы тауып алып, оны бір келініне әкеліпті: «Бір жылдан кейін тексеремін, өз балаңа қалай қарасаң, бұл балаға да солай қара» деген екен.
Бір жылдан кейін қараса, келіннің өз баласы топ-томпақ, ал атамыздың қалдырған баласы ап-арық.
Сонда келіні: «Ата, екі баланы бірдей еміздім. Сүтімді тең бөліп бердім. Бірақ неге олай болғанын түсінбей отырмын» дейді.
Сонда Төле би атамыз: «Балаға ең алдымен сүт емес, ананың мейірімі керек. Сен мейіріміңді өз балаңа төккенсің, ал бұл балаға сондай мейіріммен қарамағансың» деген екен.
Сол айтпақшы, сіздер де екі балаға бірдей мейіріммен қарайды деген сенімдеміз. Қызымыздың барған жерінде бағы ашылып, бақытты болсын дейміз.

------------------------------------------------------

Кез-келген әке-шеше ең алдымен ұлын емес, қызын ойлайды. Жақсы жерге барып, барған жерінде бағы ашылса дегендей. Шын мәнінде, қыз баланы ұзату оңай шаруа емес. Қыз деген әрқашан да отбасының берекесін, жақындарының амандығын ойлап жүретін сондай бір жанашыр адам. Ал, қыздың әкеге деген қандай жақын екендігі ол бәрімізге белгілі. Сондықтан отбасында қыздың орны ерекше.
Сондай баланы бауыр етінен жұлып алып, басқа жұртқа аттандыру ол, әрине, қиын жағдай. Дегенмен, өмірдің заңы солай, теңіз бен теңіз, адам мен адам қосылады. Барған жерінде судай сіңіп, тастай батып жатса, нағыз абырой сол емес пе? Сондықтан бүгінгі ұзату тойыңыз құтты болсын. Қытайдың ұлы философы айтқан екен «Мың шақырымдық жол алғашқы қадамнан басталады» деп. Бүгінгі күн қызыңыздың сондай бір бақытты, мазмұнды, ұзақ өмірінің бастауы болсын.

------------------------------------------------------

Жаман келіншектің екі пышағы болады екен: біреуі қолында, біреуі – тілінде. Қолындағысымен нанын турайды, тіліндегісімен жаныңды турайды. Ал, жақсы келіншектің үш белгісі бар: жүзінде күлкі бар, қолында қонақ келгенде нан жаятын оқтауы бар, күйеуіне ашуы келгенде тілінде тоқтауы бар. Тіліне еге болады деген сөз ғой. Сондықтан тілек— екі пышағы бар емес, үш белгісі бар жақсы келіншек бол, айналайын

------------------------------------------------------

Адам беру біреуге оңай емес қашанда, өмір заңы осы ғой – салт-дәстүрден қашам ба?! Өзіміз де қыз болдық, еріп кеттік сезімге – айналайын құрдасым, кетті қыз деп езілме! Барған жерде ашылсын бағы қыздың деп тіле, біздің қызды әкеткен күйеу бала да епті ме? Ұзағынан сүйіндірсін ылайым, жақсы болса күйеу бала – неге бүгін жылайын?!

------------------------------------------------------

Қызымыздың қонған жері құтты болсын! Денсаулығы мықты болсын! Жүрегі оның түкті болсын, сауған малы сүтті болсын! Өзге елде қадірі арта берсін! Енесі мен анасын бірдей көрсін, көпбалалы ана болып, гүлдей берсін!

------------------------------------------------------

Қадірлі қонақтар. Бүгінгі қуаныш иелері! Ағалар, аналар! Іні-қарындастар! Осы ақ дастархан басында адал ниетпен жиналып отырған құда-жекжаттар! Тойға келіп отырған жаңа құдаларға «төрге шыққандарыңыз құтты болсын!» демекпіз. Құдалықтарың мың жылға ұлассын!
Бала – артта қалған із,
Бақыт – ұзатылған қыз,
Байлық – қолға ұстаған мұз,
Дүниенің қызығы сіз бен біз!
— дегендей, «сіз-біздігіміз» еш уақытта жоғалмасын. Екі жастың бақытын берсін, көре алмаған дұшпанкөз арамыздан кете берсін!

------------------------------------------------------

«Бала бақытын қыздан іздейді, Қыз бақытын түзден іздейді» деген екен дана бабаларымыз. Біздің қызымыз бақытын сіздің шаңырақтан іздеп келді. Үлпілдеген үкіміз бізден өтті – сіздерге жетті. «Жібекті түте алмаған жүн етеді», — дейді. Жүн етсеңіз де, гүл етсеңіз де ендігі жауапкершілік жүгі — өздеріңізде, қадірлі құдалар!

------------------------------------------------------

Малды қалай тез семіртуге болады?

$
0
0
Малды қалай тез семіртуге болады жəне тез семірту үшін қандай витамин қажет?

Жауап берді: Мағжанның айтып кеткен:"Мен жастарға сенемін"дегенін бүгінгі жастар ақтайды алды ма? Сіз қалай ойлайсыз?

$
0
0

Ия, коп айтылган ойларга косыламын. Менин де жаныма халкымыздын болашагы катты батадыsad

Тек дегенмен 23 акпанга тиiспегей..Себеби, ол биздин тарихымыз, биздин акелеримиз бен аталарымыз ушин от манызды мереке. Ал ар адам арбир манызы жогары тарихи окигаларга илтипат танытуы керек деп ойлаймын. 

Жауап берді: Бақсы-балгерге сену дұрыспа?

$
0
0
Оз басым баксы дегенге сенбеймiн,меным енем баксы бирак мен оган сенбеймiн.Оларга сенудiнде кажетi жок.оларды тiптi капipлер деп айтуга турарлык.

Арасында бар дауыспен айқайлап тұру депрессиядан құтқарады ма?

$
0
0

,бар дауыс,айқайлап тұру,депрессия,

Арасында бар дауыспен айқайлап тұру депрессиядан құтқарады ма?

Жаңа жылдық кеш сізге несімен есте қалушы еді?

$
0
0
Сізге қайдам, маған жаңа жыл көпшіліктің шырша жағып, шампан атып, думандатып, таңертең бас ауырып, оливье салатымен айғыздалған бет-аузыңды сүрткілейтін мереке ретінде ғана есте қалатын. Болды, басқа түк те емес. Айтпақшы, жыл сайын эфирден қайталанатын "Жеңіл буыңызбен" фильмі де бар екен ғой.

Жауап берді: Ләйла ханым, менің сізге хат жазу себебім қызыма байланысты?

$
0
0
Улкен Рахмет Айдана, телефон номерын таптым звондап корермын

Жауап берді: Жаңа жылдық кеш сізге несімен есте қалушы еді?

$
0
0
Отбасыммен бірге тамашалайтын отшашу. Соны тамашалап тұрған сәттегі жымиған жүздері, көңілді көздері...

Құтыла алмай қойдым жаман ойлардан?

$
0
0
Мектеп уақытынан 2-3 жигитпен журетин құрбыларыма қарап,тан калатынмын.Унатпайтынмын.Озиме тек 1 жигитпен журемин.сол жигитке адал болып оган турмыска шыгамын дейтинмин.Озим карапайым,узын бойлы,суйкимди,оз ортамда оте сыйлы кыз болдым.Солай солай мектеп битирдим.Алматыга келип окуга тустим.1 курс болатын.Бир уакытта агент желисинен жерлес бир жигитпен таныстым.Семейде окиды екен.куннен кунге онымен сойлесип оны уната бастадым.бауыр бастым.8 ай дегенде биз кездестик.оган тагы бауыр баса бастадым.уйлену туралы ангимелер айтылды.катты куанатынмын еситип.Арманымдагы жигитти таптымау дейтинмин.ол ушин барине дайын болдым.ол алыста окуына байланысты оны  3-6 айлап кутетинмин.Бирак  куанышты кунимнин биринде(туылган кунимде)маган "дос боп калайык"деп айтканы мени есенгиретип тастады.Ата анам карсы.саган уйленуыме дедиде.жок болды.типти кутпеген едим..коп уакыт отпей ол хабарласты,жиі жиі хабарласатын.жагдайымды билетин.кыз жигит болмасакта анда санда кездесип туратынбыз.3 жыл умиттендим.гашык жаным катты ауыратын...сенгим келмейтин одан айырылганыма...бир жагынан намысым тапталгандай болды..озимди алдангандай куй кештим.ойласам жек кору сезимим оянып.оны каргап салатынмын....бир куни  уйленуге усыныс жасады .тан калдым.бирак келистим..осынша уакыт 3 жыл мени сынап келгенин.ата анасы корсеткен кыздарды унатпаганын.сол себепти мени жибермей кайта кайта хабарласып турганын айтты.конилиме мени запаста устаганы унамасада.жаксы коргеним шыгар келистиммм.бирак кызыгы торт бес рпт сойлескеннен кейн ол тагы жок болды....менде ашуым келип хабарласпадым.уавыт оте онын уйленип жатканын еситтим.катты ашуым келди.неше турли ойлар.каншама сурактар басымды ауыртты...Мен лайыкты медим осыган???неге мени аямады???неге булай истеди?шынымен ата анасыма?алде ози мененде жаксы кыз табамын деп ойладыма?...журегим онында киналганын,жылаганын.жанынын ауырганын катты калайды.одан кек алгым келеди.окиндиргим келеди...жайына жиберейн.кеширдим деп айтсамда.барибир оган деген жек корушилик сезимим кайта оянады да турады...бул ойлардан.арылгым келеди.оны умыткым келеди.....?.?...

Ата-ана қай кезде өзін бақытты сезінеді?

$
0
0
"Жақсы оқысам, жақсы жұмыс істеп, жұртқа мақтанарлық азамат болсам ата-анамды бақытты етемін деп ойлайтындар көп. Бірақ менің ең бақытты кезім - баламның бақытты бейнесін көрген сәтім болды"-деді бір апай кеше. Сіздер қалай ойлайсыздар? Ата-ана қай кезде өзін бақытты сезінеді?

Жауап берді: Құтыла алмай қойдым жаман ойлардан?

$
0
0
Адамның ойы жүзеге аса ма? Адамның жазылып қойған тағдыры жүзеге аса ма?  Осыны Ислам сайтына кіріп оқып көрші,  жауабы сол жерде болу керек.  Егер тағдыр жазылып қойған десе, оған бас ауыртып қайғырудың қажеті жоқ, тағдырыңа сенесің. Тағдырға сенген адамда өкініш азаяды, кейбір адамдарда мүлдем өкініш болмайды, керісінше алдағы өмірден көп қуанышты үміттер күтеді. Бұл менің пікірім.

Жауап берді: Жанашыр жандардан көмек керек ?

$
0
0
менің түсінгеім бойынша, мұқтаж жандардар емес. бір ана оқып жатқан екі бірдей баласына ақша сұрап тұрғаны. әкесіне айт әркімнен ақша сұрамаййййй..... біз үшін оқымайды балдарын. оқымасада адам өлмит.екі қолға бір күрек дегендей.сонда біз балаңыз оқу үшін ақща береміз ба? өтірік нәрселерге сенбиек ағайын. құдай аясын бәрін. десаулығы бар жас балдар жұмыс істесін.еңбекпен тапқан нан тәтті?

Жауап берді: Көмек сұраймын қайрымды жандардан!

$
0
0
я әркім басындағы қайғысы айтса таусылмайды, өмір күрес, мағанда көмек керек онда. әркімге солай жылай берсем болама? жұмысым, анам, бауырларым жоқ. жалғыз қызбын. әкем пенсионер.жылап қайыр сұрағанме кім беред кәзір.

Әйелім көзіме шөп салды?

$
0
0
Әйелім бұрынғы жігітімен кездесіп жүр екен, оны мен ватсаптағы перепискадан біліп қойдым( не істесем болады? Бір ұлымыз бар, сүйем оны! бірақ мына істеп жүргенің кешіре алмаймын

Жауап берді: Шариғатта некелі бола тура, екінші әйелмен некелесуге бола ма?

$
0
0
Екінші әйелге үйлену үшін зарурат, яғни зәру бір жағдай туындауы керек. Мысалы, бала көтере алмау т.б.  деген сияқты. Егер солай болатын болса бірінші әйелдің ауызша болса да рұқсатын алып, оның бүкіл әйелдік құқтарын сақтаған халде үйленуге болады. Ал әйелің рұқсат бермесе оны ренжіту дұрыс емес.

Жауап берді: Түсіңде жылан көрсең не болады?

$
0
0
Салеметсиздерме? Егер жыландарды 3жыл бойы коре берсе не болады? Коп коремин, тек бир жылан емес, жыландар тобын, аяк астында оралып жургенин, олардын устинен коркып аттап жургенимди коремин. Жорып бере аласыздарма

Ғашық болардан алдын; шынайылықты үйрен! мағынасы қалай-бұл сөздердің?

$
0
0
Ғашық болардан алдын; шынайылықты үйрен! Өйткені сезімдермен ойнау, ең ауыр қылмыс

Жарқын болашаққа қарай асығасыңдар ма?

$
0
0
Жарқын болашаққа қарай асығасыңдар ма ?  Әлде уақыт өтпесе екен дейсіңдер ма? Бір үлкен үміт бар ма?

Әскерге өздері шақырады ма?

$
0
0
Менің жасым 19-да, мен де мектеп кезінде жұртпен бірге военкоматтан өткенмін, приписной (әскерге шақыру учаскесіне тіркеу туралы) куәлігім бар, әскерге жарамдымын.. Бірақ, әлі күнге дейін әскерге шақырмады.. Әскерге баруға ниетім жоқ өзімнің де, сонда да военкоматтан бір хабар келуі керек қой.. Негізі, өздері шақырады ма, әлде өзім военкоматқа барып "әскерге бару туралы" өтініш жазуым керек па? Әскерге шақырмаса, "сен тимесең, мен тиме" деп, тыныш жүре берсем болатын шығар?) П/С: Қазіргі кезде әскердегі оқыс оқиғаларды жаңалықтардан көріп, оқып, естіп жүрмін, содан болар әскерге баруға деген құлшынысым соңғы 3-4 айда жоғалды, әскери билет керек болып жатса сатып алу қиын емес..

Мектеп оқушылары не үшін жарылғыш заттарға құмар? (Жаңа жыл қарсаңында)

$
0
0
Мектеп оқушылары не үшін жарылғыш заттарға құмар? (Жаңа жыл қарсаңында)  Дүкендерге тек қана жарылғыш (взрывчатка) бар ма? деп кіреді,  басқа зат қажет емес сияқты оларға.
Viewing all 2026 articles
Browse latest View live


<script src="https://jsc.adskeeper.com/r/s/rssing.com.1596347.js" async> </script>